Атырау облысында ірі кәсіпорындарға қоршаған ортаны ластағаны үшін 2,3 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: ChatGpt арқылы жасалған
Атырау облысында бірқатар ірі кәсіпорын экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жалпы сомасы 2 миллиард 360 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді. Бұл туралы Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында өңірде экологиялық талаптардың сақталуына қатысты 21 бақылау шарасы жүргізілген. Оның ішінде 7 профилактикалық, 13 жоспардан тыс, және 1 сәйкестікке тексеру шараасы жүргізілген.
"Тексеру нәтижесінде 52 құқықбұзушылық анықталды. Нәтижесінде 19 нұсқама беріліп, барлығы орындалды. 121 әкімшілік іс қозғалып, салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 2,36 млрд теңгеден асты", — деп хабарлады басқарма.
Бақылау барысында кейбір ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаға зияды заттар шығарғаны анықталған.
• "ANACO" ЖШС экологиялық рұқсатсыз шығарындылар шығарғаны үшін 897 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Компания сотқа жүгінгенімен, шешім өз күшінде қалды.
• "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС- ға— ластаушы заттардың шығарындылары нормадан асқаны үшін 28 миллион теңге айыппұл салынды.
• "Потенциал Ойл" ЖШС — 7,2 миллион теңге,
• "Petrocraft" ЖШС — 1 миллиард 250 миллион теңге айыппұл төлейді.
"Барлық фактілер бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейбір істерде айыппұлдарды өндіріп алу процесі жалғасуда. Облыста экологиялық бақылау мен қоршаған ортаның жай-күйін мониторингілеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле береді", -- делінген хабарламада.

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
