Атырау облысында белгісіз әйел зейнеткерге сірке қышқылын шашып алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

Фото: freepik.com
Атырау облысында белгісіз әйел II топтағы ерекше қажеттілігі бар зейнеткерге сірке қышқылын шашып, алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Жылыой ауданы, Қошқақыл ауылында болған. Белгісіз әйел II топтағы ерекше қажеттілігі бар әйелдің үйіне басып кіріп, оған сірке қышқылын шашқан. Содан кейін үйден алтын бұйымдарын алып, ізін жасырған.
Химиялық күйіктен зардап шеккен әйелдің көру қабілеті біршама төмендеген. Туыстарының айтуынша, ауыр жағдайына қарамастан әйелді тек қарап, үйіне жіберген.
Қазір полиция шабуылдаушының жеке басын анықтап, қылмыстың мән-жайын тергеп жатыр. Зардап шеккеннің туыстары істі ауыр денсаулыққа зиян келтірген тонау ретінде қарастыруды талап етуде.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті