Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жол көрсетемін деп алдаған": 8 жасар қызды зорлап өлтірген қазақстандық өмір бойына сотталды

қаза тапқанФото: Әлеуметтік желіден/Видеодан скрин

Атырау облысында 8 жасар қызды зорлап, суға тұншықтырып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қылмыс 2025 жылдың маусым айында Құлсары қаласында болған.

Сот мәліметінше, 8 жасар қыз Құрсай өзенінің жағасында серуендеп үйіне қайтып келе жатқанда адасып кеткен. Сол кезде оның алдынан мас күйдегі ер адам шығады. Ол қызды жол көрсетемін деп алдап, өзен жаға­сына ертіп барған. Сол жерде баланы зорлап, қылмысын жасыру мақсатында ұрып-соғып, өзенге батырып жіберген.


Ақтөбеде 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған зейнеткерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр


Павлодарда ағасы мен қарындасын жылдар бойы зорлап келгендер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кетті


"Ер адам қызды адастырып, өзен жағасына апарып, оның дәрменсіздігін пайдаланып, физикалық күш қолданып зорлаған. Қылмысты жасыру үшін сотталушы баланы ұрып-соғып, өзенге батырып жіберген", – деп хабарлады сот.

Айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау актісімен, бейнежазбалармен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен толық дәлелденді. Жазбалардың бірінде сотталушының баланы алып кеткені көрсетілген.

Сот оны кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Айта кетейік, 5 маусым күні шамамен сағат 12:00-де Кульсары қаласында 2018 жылы туған кәмелетке толмаған қыз бала үйінен шығып, қайта оралмаған. Сағат 21:28-де оның ата-анасы полицияға жүгінген. 5 маусым күні жоғалып кеткен 8 жастағы қыздың мәйіті 6 маусымға қараған түні Құрсай өзенінен табылған. Бейнебақылау камерасына қыздың Кұрсай өзенінің жағасында белгісіз ер адаммен кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған. Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамаған. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 17 Қазан, 2025 14:48
Талқылау