Атырау облысында 7-сынып оқушысы қатарластарының соққысынан ауруханаға түсті
Видеодан скриншот
Атырау облысы Индербор кентінде жетінші сыныптың оқушысы әлімжеттіктің құрбаны болды. Жеткіншекке қатарластары жабылып, тепкінің астына алды дейді анасы. Жәбірленушінің миы шайқалып, денесі көгерген. Қазір жасөспірім ауруханада ем қабылдап жатыр. Ата-ана кінәлілердің жазаланғанын қалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Нұртөре Жаңабайдың жағдайы қазір дәрігерлердің бақылауында. Анасының айтуынша, жеткіншекке сыныптастары үзіліс кезінде күш көрсеткен. Кабинеттің есігін жауып алып, білгендерін істеді дейді. Көп соққы алған оқушы үйіне әрең жеткен көрінеді. Сондай-ақ ата-ана мұғалімдердің оқиғаны жасырмақ болғанына ашулы. Білім басқармасының өкілдері буллинге жол берген педагогтар жазаланғанын жеткізді.
“Бұл жағдай бойынша қадағалауға алмаған сынып жетекшісіне, кезекшілік атқарған мұғалімге, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорына қатысты шара қолданылды. Сөгіс берілді. Сынып жетекшісі жұмыстан босатылды. Біз олар бойынша барлығына ден қойып, профилактикалық шаралар жүргізіп тұрамыз”, – деді Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы Дулат Хамзин.
Ақтөбе облысында қатарластары соққыға жыққан жасөспірім мүгедек болып қалды
Қазір полиция қылмыстық іс қозғалып, тергеуді бастаған.
“Жасөспірімдердің кәмелет жасына толмауына байланысты олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынып жатыр. Сот-медициналық сараптамасы да тағайындалды”, – деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Қатарласына соққы жыққан балалар арнайы есепке алыныпты. Бірақ бұл жазаға жәбірленуші тараптың көңілі толмайды. Олар жаңа оқу жылында баламыз тағы да әлімжеттіктің құрбаны бола ма деп қорқады.

"Мұғалімдерді заңсыз жұмыстан шығарады": Блогер Алматыдағы №12 гимназияның бұрынғы директоры әлі күнге дейін мектеп ісіне араласып жүргеніне шағымданды
