Сот ақтап шыққан Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-басшысы қонақүйде қайтыс болды
Фото: azh.kz
Бүгін таңертең, сағат 10:00 шамасында Somerset қонақүйінде "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнайхимия бойынша директоры Мұрат Досмұратов қайтыс болды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап хабарлады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлім себебі – жүрек талмасы. Қонақүй әкімшілері жедел жәрдем шақырған. Медицина қызметкерлері клиникалық өлім жағдайын анықтап, жансақтау шараларын жүргізген, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Айта кетейік, Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай-газ саласында бірқатар маңызды қызметтер атқарған.
Еске сала кетейік, былтыр күзде Мұрат Досмұратов Атырау мұнай өңдеу зауытының директоры бола тұра, жылу алмастырғышты кепілдік бойынша тегін жөндетуге талап қоймай, құны екі миллиард теңгеге жуық жаңа келісімшарт жасағаны үшін айыпталып, кінәлі деп таныған болатын.
Алайда кейін ол қылмыстық жауапкершіліктен қылмыс мерзімінің өтуіне байланысты босатылды. Сонымен қатар, одан мемлекет пайдасына 1 миллиард 971 миллион 424 мың теңге көлемінде мүліктік шығын өндіру шешімі шығарылды. 2025 жылғы 31 қаңтардағы апелляциялық инстанция қаулысы үкімді өзгертті. Досмұратовқа ҚР ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі бойынша 6 миллион 900 мың теңге айыппұл салынды.
Ол кезде қорғау тарапы апелляциямен келіспей, Досмұратовты ақтап алуды сұрады. Бұл уәжбен айыптау тарабы да келісіп, іс Жоғарғы сотқа жолданды.
Жоғарғы сот бұрынғы бас директордың жағына шығып, бұрынғы сот тұжырымдары істің нақты мән-жайына сәйкес келмейтінін және кінәсіз адамды соттауына себеп болғанын анықтады. Барлық жаңадан ашылған деректерді ескере отырып, судьялар алқасы істі жаңадан сот талқылауына жіберді. Қайта қарау кезінде прокуратура айыптаудан толықтай бас тартты. Осылайша, Досмұратов ақталған болатын.

"Күйеуіңіз ашуланып, қол көтерсе, үндемеңіз": Белгілі исламтанушы әйел бақыты туралы кітап жазамын деп сынға қалды
