Атырау мұнай өңдеу зауытына санитарлық талапты бұзғаны үшін 7 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Атырау мұнай өңдеу зауытына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 6 миллион 920 мың теңге айыппұл салынды. Алайда кәсіпорын бұл шешіммен келіспей, сотта дауласып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты әкімшілік шара қолданылғанын растады. Шешім табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұсынысы негізінде қабылданған.
Кәсіпорынға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша айыппұл салынған. Аталған құқық бұзушылық адам денсаулығына нақты зиян келтірмеген. Айыппұл мөлшері – 1 600 АЕК, яғни 6 миллион 920 мың теңге.
Сот ақтап шыққан Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-басшысы қонақүйде қайтыс болды
Атырау мұнай өңдеу зауыты Ресейге сатылады: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ерболат Омаров брифингте зауыттың айыппұлмен келіспей, сотқа жүгінгенін айтты.
Оның сөзінше, қазір зауытқа қатысты сот процесі жүріп жатыр. Сонымен қатар экология департаменті басқарманың хаты негізінде тексеру жүргізген. Тексеру аяқталған, қазір қорытындысын шығару жұмыстары жүріп жатыр.
Ерболат Омаровтың айтуынша, желдің бағытына байланысты жағымсыз иістің нақты қай кәсіпорыннан шыққанын айту қиын. Өйткені бұл аумақта бір ғана емес, екі-үш кәсіпорын орналасқан. Қаңтар айындағы жағдай бойынша жел шығыс–оңтүстік-шығыс бағытынан соққан.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?