Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Атырау” футбол клубы бас бапкерімен қош айтысты

Виталий ЖуковскийФото:”Атырау” фк

Атырау футбол клубы бас бапкері, беларусь маманы Виталий Жуковскиймен қош айтысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Клубтың баспасөз қызметі бапкер мен клубтың өзара келісім негізінде келісімшартты тоқтатқанын хабарлады.

Виталий Жуковский "Атырау" тізгінін 2022 жылдың жазынан бастап ұстаған еді. Осы уақыт аралығында оның жетекшілігімен команда 85 матч өткізіп, 28 рет жеңіске жетті.

Маман 2025 жылдың басында қызметінен кетіп, Тұран клубына ауысқан.

Алайда жарты жылдан кейін қайта оралып, команданың Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалуына көмектесті.


"Алған ойыншылар 1-2 жыл ойнамаған": Жанкүйерлер "Атырау" футбол командасын легионерлерден тазартуды талап етті


 

Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында "Атырау" Жуковскийдің басшылығымен 19 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 21:48