Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі бойынша айыпталған 12 күдікті тағы да ақталып шықты

Видеодан скрин

Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі бойынша айыпталған 12 күдікті тағы да ақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты алқабилердің қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесінің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарып, олардың барлығын толық ақтады.

Айта кетейік, 2024 жылдың шілдесінде абақты қызметкерлеріне Атбасар қаласындағы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды азаптады деген айып тағылған еді.


Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі: Жәбірленушілер сотта адам шошырлық ақпараттарды бөлісті


2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың ақпанына дейін созылған сот процесінің соңында алқабилер соты 12 күдіктіне де ақтау туралы шешім шығарды. Алайда прокурор сот үкіміне шағым түсіріп, жоғарғы сот процессуалдық заңбұзушылықтарға байланысты үкімнің күшін жойған еді.

Жаңадан жасақталған алқабилер құрамы да айыпталушыларды кінәсіз деп таныды. Сот үкімімен абақтының барлық 12 қызметкері ақталды.

Еске салсақ, 2024 жылдың шілдесінде журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялаған болатын. Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұраған. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берген. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны ұрып-соғады.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 25 Желтоқсан, 2025 20:32