Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атай жылап жіберді: Автобус жүргізушілерінің әрекеті алматылықтарды ашуландырды

Қарт адам тұрған аялдамаға тоқтамай өтіп кеткен автобус жүргізушісі желі қолданушыларын ашуландырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Facebook желісінде Денис Кривошеев есімді қолданушы қарт адамның суретін жариялап, Алматыдағы аялдамалардың бірінде орын алған жағдай туралы айтып берді.

«Қазір Қазыбек би көшесінің бойындағы аялдамада тұрмын. Жанымда атай тұр. Ол автобус тоқтатып беруімді сұрады. Айтуынша, егде жастағы адамдар аялдамада тұрған кезде, автобус тоқтамай өтіп кетеді екен. Мен мұндай болуы мүмкін емес екенін айттым. Осы кезде атай күтіп тұрған 119 бағыттағы автобус келді. Ол аялдамаға тоқтамай өтіп кетті. Тіпті, менің де тоқтатып, қолымды көтергеніме қараған жоқ. Атай жылап жіберді. Ол 86 жасқа келген шағында ешкімге керек болмай қалғанын айтты. Оған аялдамада тұрған бірнеше зейнеткер қосылды. Олар мұндай жағдайдың қалыпты әрі жиі орын алатынын айтты. Сондықтан олар көбіне жастардан автобусты тоқтатуын сұрайды екен», – деп жазды Кривошеев.

Өз кезегінде Open Almaty-ның ресми өкілі Еркебұлан Кенжеболатов жазбаға пікір қалдырып, автобус жүргізушісіне түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

«Мұндай жағдай орын алған сайын автопарк жағдайды тексеріп, мән-жайын анықтайтын болады. Мұндай фактілерді хабарлағандарыңыз дұрыс», – дейді Open Almaty өкілі.

Сондай-ақ, ол “АвтоАлма-Транс” ЖШС директоры Өмірзақов қол қойған құжаттың суретін жариялады.

Құжатта 119 бағыттағы автобус жүргізушісі С.Нұрлыбаевқа қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілгені және алдағы уақытта қатаң шара қолданылатыны жазылды. Тіпті, автобус жүргізушісі жұмысынан босталуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Жасырын үйленіп алған ба: Тәуекел Мүслім мен Жанар Дұғалованың үйлену тойының суреті пайда болды (фото)

Әнші Жазира Байырбекова күйеуі емес, ұлының тегін алғысы келетінін айтты

Қарақат Әбілдинаға баласының тұсауын кескізбек болған аналар ренжіп жүр

Гаухар тастан шашу шашқан: Отандық продюсер еліміздегі ерекше тойлар туралы айтып берді

Талқылау