Қарақат Әбілдинаға баласының тұсауын кескізбек болған аналар ренжіп жүр

Бүгінде өнер мектебінен бөлек тұсау кесуді де қолға алған әнші Қарақат Әбілдинаға баласының тұсауын кескізбек болған аналар ренжіп жүрген сыңайлы. Оған отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген әншінің уақытының тығыздығы себеп болса керек. Өз кезегінде Қарақаттың өзі баласының тұсауын әншіге кескізуден дәмелі аналардың басын қосып, бірнеше сәбидің тұсау кесер рәсімін бір күнде өткізбек, деп хабарлайды Stan.kz.

Төрт ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған өнегелі аналардың бірі әрі әнші Қарақат Әбілдинаға баласының тұсауын кескізуді бүгінде көптеген әйел армандайтын болған. Ол үшін алдын ала тапсырыс беріп, біраз уақыт күтетін де көрінеді. Тіпті әншінің өнерін бағалаушылардың бірі баласының тұсауын Қарақатқа кескізуді үш ай күтіп жүргенін және бұл уақытта бір жасар сәбиінің жүріп кеткенін айтқан. Өз кезегінде Қарақат Әбілдина өз қолынан «жұғысты болсын» деген ырыммен ала жіпті алудан дәмелі аналардың басын қосып, бірнеше баланың тұсау кесер рәсімін бір күнде өткізбек.

«Бір айтарым, сіздер көпсіздер, жан-жақтан арнайы келетін жандар бар. Бұрынғыдай мектебімде әрқайсыңызды жеке-жеке күту мүмкін болмай кетті. Себебі ол жерде оқушылар дайындалады, кедергі боламыз. Оның үстіне өз жұмысым бар. Қысқасы, уақыт өте тапшы. Соның барлығын ескере келе, мейрамxанада бірнеше баланың басын біріктіріп, мереке қылып ұйымдастырғанды жөн көрдік. Себебі сәбиінің «бісміллә» қадамын ерекше ырыммен өткізгісі келетін көпшілікке де тойдың атмосферасын сыйлағымыз келді.

Сонымен өз балаларымның тәрбиесі өз алдына, мектебімдегі шәкірттерім ол бар, әнімді айтып, xабарымды жүргізіп, уақытымды әрең үлестіріп жүргенде «тұсау кесуші Қарақатқа» айналып кеттім. Тәжірибені де жасадық. Өткен жолы 25 баланың тұсауын бір сағатта кесемін деп сорпалап терлеп, басым айналып құлап қала жаздағанмын. Бірақ келген жұрттың қуанышты жүзін көріп риза болып қалдық. Дегенмен, келесі жолы 15 баладан аспасын деп тапсырған едім. Бірақ соншама бала жиналып қалғанға ұқсайды. Аяздың беті қайтсын деп шамалы уақытын созған едім, оған ата-аналардың біразы баласы жүріп кетіп жатқанын, мені ұзақ тосқандарын айтып болар емес. Сөйтіп не керек, жүріп кеткен бүлдіршіндерден ұялғанымнан қаңтардың 26-ы деген күнді белгіледім», – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

 

Күніне келіп жатқан жүздеген xаттардың дені,тұсау кесу рәсіміне байланысты…Сол xаттардың бірнешеуін ғана көрсетіп отырмын! Ондағы ойым,мен сіздердің тілектеріңізді оқимын,қолымнан келгенше өтініштеріңізді жерге тастамауға тырысамын… ☺Бірақ бір айтарым сіздер көпсіздер, жан-жақтан арнайы келетін жандар бар бұрыңғыдай мектебімде әр қайсыңызды жеке-жеке күту мүмкін болмай кетті себебі, ол жерде оқушылар дайындалады кедергі боламыз оның үстіне өз жұмысым бар қысқасы уақыт өте тапшы… Соның барлығын ескере келе мейрамxанада бірнеше баланың басын біріктіріп мереке қылып ұйымдастырғанды жөн көрдік. Себебі сәбиінің “бісміллә” қадамын ерекше ырыммен өткізгісі келетін көпшілікке де тойдың атмосферасын сыйлағымыз келді..Сонымен өз балаларымның тәрбиесі өз алдына,мектебімдегі шәкірттерім ол бар әнімді айтып,xабарымды жүргізіп уақытымды әрең үлестіріп жүргенде енді міне “тұсау кесуші Қарақатқа” айналып кеттім..😀 Айналдырған өздеріңіз..☝🏾 Тәжірибені де жасадық 🙊, өткен жолы 25 баланың тұсауын бір сағатта кесемін деп сорпалап терлеп басым айналып құлап қала жаздағанмын, 😅 бірақ келген жұрттың қуанышты жүзін көріп риза болып қалдық.. Дегенмен келесі жолы 15 баладан аспасын деп тапсырған едім, соншама бала жиналып қалғанға ұқсайды. Аяздың беті қайтсын деп шамалы уақытын созған едім оған ата-аналардың біразы баласы жүріп кетіп жатқанын, мені ұзақ тосқандарын айтып болар емес. Сөйтіп не керек жүріп кеткен бүлдіршіндерден ұялғанымнан қаңтардың 26-ы деген күнді графигімнен ойып алдым. Бұйырса жүздесуге санаулы күндер қалды..😊 Тұсау кесу дәстүріне байланысты пікір жазбас бұрын, @ana_men_bala.khabar бағдарламасының тұсау кесу дәстүріне арналған өткен санын қарап шығуға кеңес беремін.Көптеген сұраққа нақты жауапты сол жерден ала-аласыздар! Ниетімізді жаратқан қолдап бір-бірімізді қуантуға асығайық😍😊 #қарақаттұсауынкескенқұлыншақ #қарақатeventорталығы# Сұрақтарыңыз болса /87012221980/

Публикация от Karakat (@karakat_a)

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қарақат Әбілдина тағы бір кәсіп ашып, тұсау кесуді бизнеске айналдырған еді.

Оқи отырыңыз:

Гаухар тастан шашу шашқан: Отандық продюсер еліміздегі ерекше тойлар туралы айтып берді

Қайрат Нұртасты жапондарша қарсы алған Гүлзира Айдарбекова сын астында қалды (видео)

Қазақ қызы Моңғолияда түсірілген фильмде басты рөл сомдады (фото)

Баян Сұлудың рөлін сомдаған актриса тұрмысқа шыққалы жатыр (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар