Атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж емес адамдар алып жүр - Ұлттық экономика министрі
Фото: fedpress.ru
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанға әлеуметтік қолдау жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет екенін мәлімеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Біз талдау жүргіздік. 2000 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан халқы 34%-ға 15 миллионнан 20 миллион адамға дейін. Еңбекке қабілетті азаматтардың саны 7 миллионнан 9,6 миллионға дейін артты. Бұл – айтарлықтай өсім", - деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, енді басты назарды сақтандыру медицинасына және әділеттілік қағидатына негізделген атаулы әлеуметтік қолдауға аудару қажет, яғни көмек нақты мұқтаж адамдарға берілуі тиіс.
"Қазір жұмыс тобының алдында мемлекет нақты кімге және не үшін көмек көрсетіп отырғанын анықтау міндеті тұр. Кейбір азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алып жүр, бірақ шын мәнінде оған мұқтаж емес. Кейбір жеңілдіктер иелеріне мүлде қажет емес. Сонымен қатар аймақтар арасында мемлекеттік қолдаудың көлемі мен түрлерінде айтарлықтай айырмашылық бар. Соны сәйкестендіру қажет.
Біз біртіндеп сақтандыру медицинасына көшу және артық, тиімсіз көмек түрлерін қысқарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекет нақты кімге және қандай негізде төлем жасайтынын анық түсінуі керек, сонда ғана қолдау шын мұқтаж азаматтарға жетеді", - деді вице-премьер.
Айта кетейік, бұған дейін экономист “Қазақстан экономикасын реформалап жатқан жоқ, біз тек бағаны көтеріп жатыр” деп Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовпен сөзге келіп қалғанын жазған едік.