Атақты Канелоның командасындағы қазақ боксшысы әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында
Әлемге әйгілі боксшы Сауль Канело Альвареспен бірге дайындалатын боксшы Бек Нұрмағанбет әлемнің ең үздік он боксшысының қатарында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/
Атақты мексикалық былғары қолғап шебері Канело Альварестің командасында жаттығатын Бек Нұрмағанбет әлемдік рейтингте ең үздік 10 боксшысының қатарында. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз WBA тұжырымының жаңартылған рейтингі бойынша ең үздік он боксшының қатарына кіріп, 9-орынға жайғасқан. Ал WBA тұжырымы бойынша бұл салмақта чемпион Сауль Альварес болса, рейтингтің көшін Кристиан Мбилли бастап тұр.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет шаршы алаңда 13 жекпе-жек өткізіп, соның он бірін нокаутпен жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін мексикалық Хоакин Мурриета Лусиоға қарсы өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңген еді.
Талқылау

Түнгі ауысымдағы жұмыс: Қызметкерлерге еңбекақы қалай төленуі керек және қандай құқықтары бар
Ауысым арасында демалыс ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауы қажет

"Артында төрт баласы қалды": Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған азаматтың отбасы 5 жылдан бері пәтер ала алмай жүр
Қаңтар құрбанының жұбайы енді әкімдіктердің табалдырығын тоздырып жүр