Атағы дардай жазушы Астанадағы қарттар үйінде тұрып жатыр
Астана іргесіндегі Қарттар үйінде қазақтың қариялары көбейіп барады. Ең сорақысы, олардың көбісінің әлпештеп өсмірген ұл-қыздары бар. Қарттар үйін паналаған қариялардың арасында оқыған, кітап жазған зиялы қауім өкілдері де бар.
Келіндеріміз жайсыз болған соң осында тұруға мәжбүрміз дейді. Ал, өзгелері тағдырдың жазуымен бір күнде бүкіл отбасынна айырылып қалғандар.
«Елімізде қарияларға арналаған интернАт үйлердің саны күрт көбейген. Статисткаға сүйенсек, соңғы 5 жылда ондағы қарттардың саны 26 пайызға өсіпті. Өкініштісі сол, бейнеттің зейнетін көретін ата-әжелеріміздің 40 пайызының бала-шағасы бар
Маткәрім Әкімжанов 4 баланың әкесі. Қазір 11 немересі, 1 шөбересі бар. Бағып-қағып өсіріп, ержеткізген ұрпағы болса да «Қарттар үйінің» есігін қағуға мәжбүр болыпты. Оның өзіндік бір себеп бар екен.
Енді олардың жағдайы жоқ. Мысалы 1 бөлмеде 7 адам тұрады. Кіші ұлымның,ыдыс-аяқ сылдырламайтын үй жоқ қой келін өте жағдайсыз болды. Маған емес анау кішкентай балаларын лақтырады.
Мәткәрім ақсақал «Жазушылар Одғының» мүшесі. Кеңес заманында Бердібек Соқпақпаев, Шәкен Айманов, Абдулла Қарсақпаев секілді тарихи тұлғалармен бір мекемеде ұзақ қызмет етіпті. «Қыз Жібек», «Менің атым-Қожа», «Мәскеу үшін күрес» атты фильмдерді қазақ тіліне тәржімалаған жалғыз маман.
Одан бөлек, орыс тіліндегі жүздеген шығармаларды аударып, басып шығарыпты. Амал қанша, іштен шыққан ұлының таңдаған жарымен тіл табыса алмаған соң, осында келуге бекініпті.
«Алматыдан келгенде осында екі бөлмелі үйім болған. Московский көшесінде. Содан бір екі айға Алматтағы қызыма кетіп едім, қыдырып қайтайын деп. Қайтып келсем, үйімді сатып жіберіпті. мен сонымен далада қалдым»,-дейді Жазушы Маткәрім Әкімжанов.
Ал Балкен атаға тағдыры туралы айту оңайға соқпады. Себебі, осыдан 14 жыл бұрын бүтіндей бір отбасы жол-апатынан көз жұмыпты. Осылайша, қария жалғыз өзі қалған. Дегенмен туысқандары бар. Тек, жыл сайын олармен тілдесу қиындап барады дейді.
«Туыстарым бұрын келетін, қазір қойды. Ағамның балалары бар.+0101 Осы Ақмолада тұрады. Сағынамын енді туыстарым болған соң, кейде жылаймын.Есіме түскенде»,-дейді қала тұрғыны Балкен Серікбайұлы.
Астанада қараусыз қалған 350-ге тарта қария осы мекемені паналап отыр. Әрқайсының тағдыры әрқилы. Бірі оның табалдырығын өз еркімен аттаса, өзгелерін әлпештеп баққан балалары әкепи татапты.
«Қазіргі күнде қариялар көп. Бұрын соғыс ардагерлері көп балатын, қазір олар аз. Қазіргі кезде өте көп адаптациядан келеді. Бәрінің де бала-шағалары бар. Ол кісілер бір үйде тұра алмағаннан ауру болған соң келіп жатыр»,-дейді Әлеуметтік қызметкер Марал Әбілқайырова.
Айта кетейік, елімізде қарттар үйінің саны 87-ге, ондағы қариялардың саны 35 мыңға жеткен. Олардың 45 пайыздан астамы ақ жаулықты әжелер екен.
Оқи отырыңыз:
Тамара Асар: Қазақтың ұлттық киімін Димаш арқылы әлемге таныту керек
Мақпал Жүнісова өзіне өмірлік серік іздейтінін жасырмады
БҚО-да полицей куәгерлердің көзінше ер адамды ұрып-соқты (видео