Ата-анасы баласын далаға шығармай 14 жыл қапаста ұстап келген
Израильдің Хадера қаласында полицейлер 14 жыл қапаста болған баланы құтқарды.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, бала полицейлерге түнгі уақытта айына 1-2 рет қана далаға шыққанын айтты. Кейде оны балконда торға қамап қойған.
Ата-анасы баласының денсаулығына байланысты осылай жасағандарын айтқан.
Көршілері үйден жағымсыз иістің шығатынын айтып бірнеше рет шағымданған. Көршілерінің айтуынша, баланың түрі қорқынышты фильмдегі зомбилерге ұқсап кеткен.
«Мен баланың көзіне қарап едім, ол менен көмек сұрағандай болды. Сосын мен оған көмектесуді ұйғардым», – дейді көршісі Уайкин.
Баланың ата-анасы Израильге Ресейден 2009 жылы көшіп барған. Олар шамамен 60 жаста. Олар билік өкілдеріне баласы бары жайлы айтпаған, мектепке де апармаған.
Адвокаттың айтуынша, ата-анасы баласының денсаулығы үшін осындай әрекетке барған.
Тағы да оқыңыз:
Мединадағы мектепте қазақ баласы баспалдақтан құлап қаза тапты (видео)
Министрлік ҰБТ кезінде жасырған шпаргалкаларды қалай тексереді
Астанада жасөспірім кеміргіштерден қауіпті инфекция жұқтырды