Ата-анасы 2 жасар ұлын даму қабілеті төмен деп адам тұрғысыз бөлмеде бағып келген
Баланың даму қабілеті төмен болғандықтан, ата-анасы ұлын асырауға шамаларының келмейтінін айтқан. Донкастерде әлеуметтік қызметкерлер 27 жастағы Керри Рыбак пен 26 жастағы Даррена Стэнлидің үйін көріп, полиция шақырған.
Баланың жатын бөлмесінің қабырғалары мен есіктері нәжіспен ластанған. Бөлменің терезесін қара матамен жауып қойған. Ал баланың жататын төсегі жоқ болғандықтан, кірлеген матраста ұйықтайды екен. Бұл туралы Daily Star-ға сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
Баланың аты-жөні заңды себептер бойынша жарияланбайды. Ал, оның ата-анасы 16 айға бас бостандығынан айырылды. Екі жасар бала қәзір бөтен отбасында тәрбиеленуде.
Керридің екінші баласына аяғы ауыр кезінде, оны әлеуметтік қызметкерлер іздеп үйіне барған. Себебі, аяғы ауыр ана тексерілуге мүлде келмеген. Әлеуметтік қызметкерлер адам тұрғысыз үйде жүрген баланы көрген. Ата-анасы 2 жасар баланың үстіне жеңіл көйлек кидіріп, жалаң бұт жіберіп қойыпты.
Сонымен қатар, ата-анада баласына деген ешқандай қамқорлық білінбеген. Полицияға бала кеш дамып келе жатыр деп, ұлдарын тәрбиелеуге дәрменсіз екендерін айтқан. Ерлі-зайыптылардың қорғаушысының айтуынша, Даррен мектепте қатарластарының қатігездігі мен мазағына ұшыраған. Оған қоса туыстарынан да зорлық-зомбылық көрген. Қиындыққа шыдамай, 14 жасында мектепті тастап кеткен. Керри де әкесіз өсіп, білім алмапты.
Туыстарынан қолдау көрмесе де, ерлі-зайыптылар жақсы ата-ана болуға тырысқан. Бұған қарамастан, сот оларды бала тәрбиелеуге дәрменсіз деп таныды.
Жіберіп алмаңыз:
35 жастағы лунатик ұйқысырап 8 қабаттан құлаған
Мұзда құлап тайғанап кеткен сиыр жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Автокөлік иесі ұрылардан қорғанудың тың тәсілін тапты (фото)