Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар маймылға адам ұрығын салып будандастырған

Эволюциялық психология саласының маманы Гордон Гэллап 100 жыл бұрын маймыл мен адамның будандастырылғанын айтты.

Суретте Олвер атты маймыл. 1958 жыл

1930 жылдары Атлантадағы Эмори университетінде осындай зерттеу жүргізілген. Гордон Гэллап сол зерттеуге қатысқан ғалымның сөзіне сүйене отырып айтып берді.

Флоридадағы Ориндж-Парк қалашығында мамандар ұрғашы шимпанзеге адамның ұрығын құйған. Маймыл адам ұрығынан кейін буаз болған. Адамнан туған маймыл баласын “панзеадам” деп атаған. Маймыл 225 күнде туған. Көпшілік бұған қарсылық танытқан соң «панзеадамның» көзі жойылыпты.

Гордон Гэллап қазір де адам мен шимпанзені, горилла мен орангутанг сияқты басқа да маймылдарды будандастыруға болатынын айтады.

1958 жылы Оливер атты шимпанзе де будан деп есептелді. Оның кейбір әрекеттері адамға ұқсас болған. Оның хромасомалар саны 47 болған. Өзі тік жүрген. Оливер атты маймыл 55 жылдан соң өлген.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте 1 жасар бүлдіршіннің құлағы бетіне біткен

ОҚО тұрғыны өз ұлының өлімі үшін сотталған баланың кінәлі екеніне сенбейді

Өзге ұлтпен қол ұстасқан қазақ қыздарымен күресуші азамат: Ертең мені қамаса, жезөкшелер қаптайды

Талқылау