Ата-анасы ұйықтап жатқан: Алматыда 3 жасар бала терезеден құлап көз жұмды
Куәгерлердің айтуынша, жантүршігерлік оқиға Алатау ауданы Райымбек даңғылы бойындағы "Ақкент" шағын ауданында болған. 3 жасар бала 7 қабаттағы терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден
Бүлдіршін ата-анасы ұйықтап жатқанда, олардан бұрын оянып абайсызда терезеден құлап кеткен.
Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“Алатау аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Рудныйда терезеден құлап кеткен 3 жасар баланың ата-анасы жазаланған еді.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"