"Бір айлық баласы қалды": Қостанайда әйел 8 қабаттан секіріп кетті
Қайғылы оқиға 28 шілде күні Быковский көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде сағат 10:00 шамасында болған. Әйелдің артында екі кішкентай баласы қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “ТоболИнфо” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден
Марқұм 1 айлық және 7 жастағы баласын пәтерде қалдырып, өзі 8 қабаттан секіріп кеткен. Бұл кезде марқұм әйелдің күйеуі балыққа кеткен.
- Алматыда айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйел өзіне қол салмас бұрын қызын тұншықтырып өлтірген
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері биологиялық өлімді растады.
Бұған дейін Астанада көпбалалы ана жоғарғы қабаттан секіріп, мерт болған еді.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"