Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ат жалына байлап сүйреген": Жетісу облысында әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты іс сотқа жіберілді

Фото: Ашық дереккөзден

Жуырда Жетісу облысында 32 жастағы әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты сот басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Іс материалдары 17 қарашада Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына келіп түскен. Алғашқы сот отырысы 27 қарашаға белгіленген. Отырыс ашық түрде өтеді деп жоспарланған.


Жетісу облысында күйеуі аттың жалына байлап, азаптап өлтірген әйелдің туыстары жағдайдың мән-жайын айтты


Қылмыстық іс “Адам өлтіру” бабы бойынша жүргізілген. Айта кетейік, бастапқыда полиция “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабы бойынша іс қозғаған еді.

Еске салсақ, 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапты. Әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынды. Марқұмның туыстырының айтуынша, ер адам әйелді 2 жасар қызының көзінше айуандықпен ұрып-соғып, кейін далаға шығарып, аттың жалына байлап сүйреген көрінеді. Ал күдікті ер адам әйелі селфи жасап жатқан кезде екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп ақталған.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 19:20
Талқылау