Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылжан Мамытбеков Қазақстан ет одағының төрағасы болып сайланды

Ауыл шаруашылығы министрлігін бес жыл басқарған Асылжан Мамытбеков Қазақстан ет одағына басшы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

“Арнайы жобалық кеңсе, алаң құрып жатырмыз, соның ішінде Асылжан Сарыбайұлы бізге белсенді көмектесуде, ұсыныстарын айтып жүр. Бізге оның Қазақстан ет одағының төрағасы болып сайланғаны мәлім. Бүгінде біз қордаланған мәселелерді бірігіп шешу үшін салалық одақтармен және бірлестіктермен жұмыс істеп жатырмыз”, — деді Евниев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстан ет одағы елдің ет саласын дамытуға бағытталған. Ол өндіріс циклін және өнім сапасын бақылау, сыртқы нарықтарда сертификаттауды қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, әлемдік нарыққа Қазақстан етін шығаруға көмектеседі.

2011-2016 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған Асылжан Мамытбеков 2016 жылдың мамырында отставкаға кеткен болатын. Оған жер мәселесіне қатысты туындаған дау себеп болған еді. 2016 жылы “Астана банкі” АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Тағы оқыңыз:

Депутаттар Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау министрін “аспаннан жерге түсірді”

Мемлекеттік грантта оқыған дәрігерлер ауылда еңбек етуге міндеттелуі мүмкін

Ресей тас жолында қазақстандықтар мінген көлік құтқарылды

Астанада краннан ақ түсті, химиялық иісті, көпіргіш су ағып жатыр

Талқылау