Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асыл Беделхан: Жеменейдің кешінде Ринаттың билеп, рэп айтқанын мазақ қылдым

“Дауыс International” тобында үш жыл қатарынан ән салған Асыл Бедалхан бүгінде өнерден алыстап, өзін отбасына арнаған. Енді әнші “91” тобына қатысты дауды тілге тиек етіп, айтыскер ақын Ринат Зайытов туралы пікірімен бөлісті.

новый коллаж

Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Айтыскер ақын, әнші Төреғали Төреәлі мен “Орда” тобы солистерінің арасындағы дау өрши түскен. Бұл дау Ерболат Беделхан жетекшілік ететін “Ninety one” тобының сырт келбетіне байланысты туындаған. Топқа қарсы пікір білдіргендерге Есболат Беделхан “ерекше әдіспен” жауап қайтарған-ды. Енді міне Ерболаттың жары Асыл Беделхан аталған топқа қатысты даудың әлі де толастамай тұрғанын айтты.

“Даудың аяғы біткен жоқ. Топты топырлатып сынау жалғасуда. Бір жағынан, түсінемін: жаңалық атаулы сынсыз пайда болмаған. Бірақ уақыт өте келе, тыңдарман да, әріптестеріміз де түсінеді деп сенемін. “91” тобына қарсы келетін әншілер саусақпен санарлықтай ғана қалды. Сыртыңнан сөйлеп, бетке ештеңе айта алмайтындар да бар. Негізі, басқа, сырт елдерде тұратын қазақтардың көзі ашықтау. Олар “Қазақстан мұндай жаңалыққа неге қарсы? Өрелері өспей қалған ба деп жатыр” – дейді Асыл Беделхан.

Әнші “Дауыс International” тобының құрамында үш жыл ән салып, келісім-шарт мерзімі біткен соң жеке әнші ретінде танылуға талпынған. Алуа Қонарова, Гүлвира Илахунова, Ділназ Ахмадиева сынды продюсерлермен жұмыс істеген. “Жас толқын” байқауына қатысып, жартылай финалға жеткен. Десе де, Асыл қазіргі таңда шығармашылығында дағдарыс болып жатқанын жасырмайды.

“91” тобының сырт келбетін Асыл Беделханның ата-енесі де ұнатпаған екен. Олар жігіттердің сырғасын шешіп, шашын боятқанда мұндай дауға қалмайтындарын айтқан.

– “Орыстардың “Әйелі мен ері – екеуі бір пері” деген мәтелінде айтылғандай, “91” тобына қатысты дау-дамайда Ерболатты жақтап, әлеуметтік желіде біраз “айқас” жүргіздіңіз. Сондағы сізге қарсы пікірлерден кейін қандай ой түйдіңіз? Көпшіліктің өнерге, оның ішінде өнердегі жаңалыққа деген таңдау-талғамы кеңестік кездің кебісін киіп жүргенін сезген боларсыз?

– “Шамам келгенше, әлеуметтік желідегі жазылған біраз пікірлерді оқып шығуға тырыстым. Рас, арасында қатты ашу-ызаға булықтым. Басында “91” тобы шықпай тұрып, халықтың дұрыс қабылдамайтынын білдік. Бірақ дәл осындай түсінбеушілік болады деп ойламаппын. “Инстаграм” парақшасы арқылы қазіргі адамдардың қатыгез екендеріне көзім жетті. Балалар не істеп, не бүлдіріп қойды, олардың нендей кінәсі бар?

Олар өз үйінде тәрбие көретін басқа балаларды қалай бүлдірмек? Неге бүкіл қазақ жастарының тәрбиесі төрт жігітке тіреліп қалды? Қазақ десе, өзімізге тиеді: инста-парақшадағы пікірлерді оқи отырып, адамдардың сауатсыздығына таң қалдым. Дардай қыз-жігіттер өз ойларын жеткізе алмайды. Қате жазылған сөздерді көргенде, жағамды ұстадым. Халқымыздың сауатының сондай төмен деңгейде екенін, ойлау жүйесінің артта қалып қойғанын байқадым.

Кеңес кезіндегі ата-анамның бейнесі әлі күнге есімде. Сол кездің өзінде қала жастары шаштарын ұзын етіп өсірді. Ертеректе тым тар шалбар киді, бертін далаңдаған кең шалбарды еркек те, әйел де модаға айналдырды. Сол кездегі адамдар “мынау қазаққа жат нәрсе” деген жоқ қой. Сән қуған жастарын қараламады. Сол уақытпен салыстырып қарағанда, қазіргі адамның көзқарасы кенде қалып, түйсік-танымы төмендеп кеткен бе деп ойлаймын.

DSC_5156

Фото: juldizdar.kz

Әнші өзінің болашақ жарымен небәрі 14 жасында танысқан. Екеуінің үш жас айырмашылығы бар екен. Бүгінде оның сабырлы мінезін ерекше сыйлайтындығын айтады. Өйткені Ерболат мырза сөз таластырып немесе жұдырық жұмсамастан, мәселені бейбіт жолмен шешкенді жақсы көреді екен.

“Ерболаттың бойында құдай берген өнерге деген қасиеті, ерекше дарыны бар. Және ол бос дау-дамайға жоқ адам. Бәріне философиялық ой тұрғысында қарайды. Өзін ренжіткен адамды тез кешіре салады. Әйел болған соң, кейде біреулерді сөз еткенімде “Жұртта не шаруаң бар?!” деп ұрсады. Сонда да тоқтамай жатсам, үндемей тұрып кетеді.

Ерболаттың бір әншілерді жамандап, әлдекімді сынағанын естімеген екенмін. Көбінесе адамды болмыс-бітімімен түсінуге тырысады. Жуықта Ақылбек Жеменейдің кешінде Ринат Зайытовтың билеп, рэп айтып шыққанын мен мазақ қылдым. Ал, Ерболат оны қостап “Жақсы болған екен, өзі де сахнаға шықты. Жарайсың!” деп ризашылығын білдіріп жатты. Өзін қаралаған адамға ешқандай ренішін сақтамаған.

Бірақ Ринат жөндеп билей алмайды, не дұрыстап рэп оқи алмайды. Мұнысымен не дәлелдегісі келді? Былай қарағанда, Ринат қылығы күлкілі нәрсе ғой. Бірақ Ерболат оған басқа жағынан қарады. Оның мінезі сондай”, – деп әнші аталған топтың жолдасының бала күнгі арманының желісі бойынша құралғанын айтып өтті.

Аталған топ жуырда тыңдармандарына тағы да бір бейнебаян ұсынбақ. Осы уақытқа дейін топтың екіге бөлінуі мүмкін екендігі туралы айтылған-ды. Алайда әзірге қандай өзгерістер бары белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Ринат Зайытов брейк билеп жұртты таңқалдырды

Әнші Есболат Беделхан бұрынғы әдетіне қайта басты

Беделхан “Ninety one” тобын даттаушыларға пікірін суретпен жеткізді

“Ninety One” тобына шетелдік жастардың көзқарасы қандай?

Талқылау