ASUS бизнес пен оқуға арналған ЖИ технологиясы бар компьютер құрылғыларының кеңейтілген портфолиосын ұсынды
Жыл басында ASUS бизнеске арналған жаңа компьютер құрылғыларының кеңейтілген портфолиосын таныстырды. Инновациялық құрылғы ұжымдық сектор мен білім беру саласындағы көптеген қажеттіліктерді ескере отырып жасалған.
Брендтің жаңа өнімдері жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Сенімді қауіпсіздік жүйесімен және тұрақты даму мен энергия тиімділігін қамтамасыз ететін озық технологиялармен жабдықталған.
Құрылғылар легі ExpertBook B5 (B5405CCA/B5605CCA), ExpertBook B3 (B3405CAA/B3605CAA) пен ірі кәсіпорындарға арналған ExpertCenter B900 (B900MF/B900SF) серияларын қамтиды. Оның үстіне ExpertCenter B900 – ASUS-тың жасанды интеллекті бар алғашқы коммерциялық үстел компьютері. Құрылғы Intel® Core™ Ultra процессоры және күрделі тапсырмаларды орындауға арналған жасанды интеллект функциялармен жабдықталған.
Шағын және орта бизнес үшін ASUS ExpertBook P3 ноутбугін (P3405CVA пен P3605CVA модельдері), ExpertCenter P400 AiO моноблогын (P440VA пен P470VA), сондай-ақ үстелге қоятын шағын ExpertCenter P500 Mini Tower дербес компьютерін (P500MV) ұсынады. Әмбебап құрылғылар тұрақты жұмысты қамтамасыз етіп, шығынды оңтайландырғысы келетін компанияларға арналады.
Білім беру саласы үшін ASUS Chromebook CX14-ті (CX1405CKA) ұсынды. Ноутбук берік конструкциясы және басқарудағы қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Осылайша әкімшілердің жұмысын жеңілдетіп, оқушылар мен студенттердің оқуда озат болуына септігін тигізеді.
ExpertBook B сериясы – заманауи бизнеске арналған ЖИ технологиясы мен экологиялық инновация
ExpertBook B5 және В3 ноутбуктері бизнестегі заманауи қажеттіліктерді ескере отырып жасалған. Олар Intel Core Ultra (Series 2) мобильді процессоры мен жылдам және тұрақты байланысқа арналған WiFi 7 стандартының арқасында жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
ExpertBook B5 және В3:
- Жақтардың 16:10 қатынасы бар дисплеймен және артық шуды басу функциясы бар интеллектуалды камерамен қамтылған. Бұл ноутбуктерді гибридті жұмыс форматы мен виртуалды кездесу өткізу үшін таптырмас құрылғыға айналдырады.
- SO-DIMM жад модулі мен қатты денелі жинақтағыштарға арналған екі слоты бар. Осылайша бизнестегі қажеттілікге қарай құрылғының баптауларын ыңғайыңызға қарай өзгертуге мүмкіндік береді.
- Қосымша сенімділік үшін Dual BIOS функциясы бар. Ал ExpertBook B5-те басқару мен қосымша ақпараттық қауіпсіздік құралдарына арналған қосымша мүмкіндіктер беретін Intel vPro® технологиясы қолжетімді.
- Биометрия арқылы авторизация жасау технологиясы, TPM модулі мен смарт-картаны оқу функциясымен қамтылған.
ASUS PC Lifecycle сервисінің арқасында Expert B сериялы ноутбуктер MyASUS және ASUS Control Center құралдары арқылы басқаруды жеңілдететін кешенді шешімді ұсынады, бұл жұмыс өнімділігін арттырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
ExpertCenter B900 – талғампаз ұжымдық қолданушыларға арналған өнімділігі жоғары шешім
Бұл дербес компьютердің негізгі жабдықтамасы - Intel Core Ultra (Series 2) процессоры. Бұл – Intel-дің үстел компьютерлеріне арналған алғашқы процессорлар сериясы. Ол жасанды интеллекттің жұмыс тиімділігін қамтамасыз ету үшін нейрондық процессормен жабдықталған.
Intel vPro платформасы көп ресурсты қажет ететін қосымшалармен жұмыс кезінде ыңғайлы басқару және жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. TPM 2.0 криптопроцессоры мен Dual BIOS технологиясы маңызды операцияларды орындау барысында коммерциялық деректерді сақтауға кепілдік береді.
В900 алдын ала орнатылған Windows 11 Pro операциялық жүйесімен жүреді. Бұл операциялық жүйе ұжымдық деңгейдегі қосымшалармен жұмыс істеу үшін сенімді әрі тиімді платформа құрады.
ExpertCenter B900-ды басқару MyASUS, ASUS Control Center мен ASUS Business Manager утилиттерінің арқасында максималды жеңілдетілген. Олар басқаруды оптимизациялап, жұмыс барысының тиімділігін арттырады.
ExpertBook Р сериясы – шағын және орта бизнестегі жоғары өнімділікті қамтамасыз етуге арналған интеллектуалды құралдар
Expert P желісі – ExpertBook P3 ноутбуктары, ExpertCenter P400 AiO моноблоктары және ExpertCenter P500 Mini Tower шағын үстелдік компьютерлері – бизнес-процестерді оңтайландыру үшін жасанды интеллектті қолдайтын қуатты құралдарымен қамтылған, сондай-ақ шағын және орта коммерциялық кәсіпорындарға тұрақты өнімділікті ұсынады.
ExpertBook P3 ноутбугі ExpertMeet интеллектуалды функциялар жиынтығымен жабдықталған. Ол кездесулердің мәтінін жазып, сөйлеушілерді анықтайды, қысқаша түйіндеме құрастырып, аударма жасайды. Сонымен қатар видеолар мен презентацияларға автоматты субтитрлер мен сутаңбалар қояды. Бұл функциялар жұмыс процесін жеңілдетіп, қарым-қатынасты ыңғайлы етеді.
Жасанды интеллект алгоритмдері арқылы видеоның сапасын жақсарту және интеллектуалды шуды басу сияқты қосымша функциялар онлайн-конференциялар мен жұмыс қоңыраулары кезіндегі қарым-қатынас өнімділігін арттырады. Бұл әсіресе, гибридті жұмыс форматы үшін маңызды.
Универсалды компьютерлік шешім іздеген компаниялар үшін ExpertCenter P400 AiO моноблогы жоғары өнімділікті және кез келген заманауи кеңістікке үйлесетін ықшамды әрі стильді дизайнды ұсынады. Сонымен қатар ондағы ақпараттық қауіпсіздік функциялары мен кең үйлесімділік мүмкіндіктері шағын бизнеске айтарлықтай артықшылық береді.
Моноблокта 23,8 немесе 27 дюймдік Full-HD дисплейі және үлкен экран аймағы бар. Сондай-ақ ол Dolby Atmos аудиожүйесімен жабдықталған. Бұл видеоқоңыраулар және мультимедиялық файлдармен жұмыс істеу кезінде жоғары сапалы дыбысты қамтамасыз етеді.
ExpertCenter P500 Mini Tower – қуатты әрі оңай кеңейтілген үстел шешімін ұсынады. Сол себепті шығындарды оңтайландыруды көздейтін компанияларға арнап әзірленген. Intel Core i7 процессорымен және NVIDIA® (қосымша) графикасымен жабдықталған жоғары өнімді шағын компьютер ресурсты көп қажет ететін қосымшалар мен көпміндетті жұмыс тапсырмаларын оңай орындайды.
Инновациялық салқындату жүйесі компьютердің қатты жүктеме кезінде де тұрақты және дыбыссыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Құралсыз-ақ ішкі бөліктерге қол жеткізуге болатын арнайы корпус дизайны құрылғыны жөндеуді және жаңартуды жеңілдетеді. Бұл мүмкіндік бизнестің компьютерлік жүйені қажеттіліктерге қарай оңай бейімдеуіне көмектеседі.
AI ExpertMeet технологиясы видеоконференциялардың сапасын арттырып, жаңа деңгейге көтереді. Осы мүмкіндіктердің арқасында ExpertCenter P500 Mini Tower қашықтан жұмыс істейтін және байланыс құралдарын белсенді пайдаланатын компаниялар үшін тамаша таңдау болады.
ASUS Chromebook CX14 – білім беру саласындағы сенімді көмекші
Chromebook CX14 – білім беру саласына арнайы жасалған ноутбук. Ол сенімділігімен және оңай басқарылуымен ерекшеленеді. Ноутбук көк (Quiet Blue), ашық көк (Fabric Blue) және сұр (Misty Grey) сияқты стильді және әмбебап түстерде шығарылады.
Chromebook CX14 – берік және ұзақ қызмет ету үшін талаптарға сай жасалған. Оның тозып кетуден сақтайтын корпустық жабындысы, 14 дюймдік Full-HD экраны (қосымша сенсорлы панелі бар), бұрандасыз бекітілетін аккумуляторы және төменгі қақпағындағы бұрандалар саны азайтылған. Бұл құрылғыны берік етіп қана қоймай, оны жөндеуді және қызмет көрсетуді жеңілдетеді, әсіресе оқушыларға пайдалануға өте ыңғайлы.