Астанда АҚШ вице-елшісі аязға қарамастан велосипедпен жүр
Астанада қыс мезгілінде велосипедпен жүретіндер аз. Қазақстандағы АҚШ елшісінің орынбасары Джон Марк Поммершайм күн сайын қала көшелерінде велосипедпен қозғалады. Велосипед мінген елшінің күнделікті бағытына ауа райы да ықпал етпейтін көрінеді.
Поммершайм неліктен ыңғайлы автокөлік орнына велосипед таңдағанын айтып берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Джон, Астана қаласында қозғалыс көлігі ретінде қай уақыттан бері велосипед қолданып келесіз?
– Астанаға дейін мемлекеттік департаментте қызмет атқарып, Вашингтон қаласында тұрғанмын. Ол жақта жиі велосипедпен жүретінмін. Сондықтан Астанаға келгенде де әдетімнен айнымадым.
– Бірақ Астанада күн суық, әсіресе қыс пен күзде…
– Мұның бәрі белгілі қиындықтар тудырады, бірақ мен оны айқас ретінде қабылдаймын. Әріптестеріммен бірге арнайы құрал сатып алдық. Тікенді дөңгелектер қыс уақытында мұз үстінде жүруге жағдай жасайды. Орыс халқында тамаша мақал бар: «Табиғатта жаман ауа райы болмайды». Нашар киім болады. Сондықтан дұрыс киім кисең, бәрі де ойдағыдай болады.
– Астаналық тұрғындарды велосипедпен жүруге шақырғыңыз келсе, не дер едіңіз?
– Мен байқап көруге кеңес беремін. Велосипед тебу күні бойы жиналып қалған күйзелістен арылуға көмектесетінін айтар едім. Сонымен қатар таза ауаның – денсаулық үшін пайдасы мол. Бірақ барлығы үй мен жұмыс орнының орналасқан жеріне байланысты. Біреулерге ыңғайлы болса, біреулер үшін жайсыздық туғызады. Жалпы, Астанада велосипедпен жүретін адам аз емес. Уақыт өте келе олардың саны арта түседі деп ойлаймын.
– Сіз көптеген елдің астаналарында болдыңыз. Сіз үшін Астананың ерекшелігі қандай?
– Маған Астанада тұрған ұнайды. Бұл қала қарқынды түрде дамып келеді. Мұнда көптеген әдемі ғимарат бар. Қала сыртындағы жазық дала да өзіндік әсемдікке ие. Бізде Монтана штаты бар. Оның ұраны – «Кең аспан». Менің ойымша, Астананың да аспаны – «кең». Сонымен қатар маған өзен мен жағалау ұнайды. Астана – қызықты, заманауи қала.
– Биылғы жазда Қазақстан үшін маңызы зор оқиға болды: «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі. Қалай ойлайсыз, ұйымдастырушалыр мақсаттарына жете алды ма?
– Менің ойымша, ЭКСПО-2017 өте сәтті оқиға болды. Біз де атсалыстық. Өзіміздің павильонымыз болды. АҚШ-тан көптеген қонақ келді. Олардың қатарында президент делегациясы да бар. Біздің павильонды жарты миллионнан астам адам тамашалады. Қазақстанның түрлі өңірлерінен ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп жатты. Өзім үшін, осы уақытта Астанадағы тіршілік қызи түскендей көрінді. ЭКСПО Астананың әрі қарайғы дамуына түрткі болды.
– Бәрінен бұрын қай павильон көңіліңізден шықты?
– Әрине, бұл қиын сұрақ… Мен үшін ол жерде қызықты дүниелер көп болды. Үздік тәжірибелер аумағы ұнады. Неміс және ағылшын павильондары көңілімнен шықты. Жалпы, қай павильонда болмасам да, бәрінен тек пайдалы мәлімет алдым.
– Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі де кең қолданысқа ие. Ал ағылшын тілі белсенді түрде оқытылуда. Еліміздегі үштілділік жөнінде көзқарасыңыз қандай?
– Қазақстанда үштілділікті енгізу процесі белсенді түрде жүріп жатыр. Мен үш тілді де қатар меңгеріп, еркін сөйлейтін адамдарды көптеп кездестірдім. Бұл үрдіс жалғасын табады деген ойдамын. Себебі бірнеше тіл білу жаңа бағыттардың ашылуына сеп болады. Және Қазақстанда мұны жақсы түсінеді. Мен, Қазақстан аумағындағы елші ретінде, қазақ тілін үйреніп жүрмін. Қазақ тілі – өте бай тіл. Оған елдегі айтыс сынды дәстүрлі өнер ерекше айшық береді. Қазақ хылқының ой ұшқырлығын түсінуім үшін, оқытушы «айтыс» сөзін аударып, кеңінен түсіндірді. Үштілділікті қарқынды түрде енгізу біздің елшілік үшін де– маңызды мәселе. Оған түрлі бағдарламалар мен ағылшын тілін үйрету курстары арқылы атсалысып жатырмыз.
Оқи отырыңыз:
Алматыда полиция қызметкері қыз зорлады деп айыпталды: белгілі болған мәліметтер қандай
Өскеменде әкімнің орынбасары субұрқақты қоқыстан тазалады
Air Astana ұшақтарының бортында мұсылмандарға арналған тағам ұсынылады
Зейнетке шығатын қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы ескерту қашан жасалады?