Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астананың экономикалық форумына келетін шетелдік қонақтарға қанша ақша төленеді

Астананың он бірінші экономикалық форумында 24 елден 450 спикер қатысады, олардың ішінде Францияның бұрынғы президенті де бар.

Форумға Францияның бұрынғы Француа Олланд, БҰҰ-ның 8-бас хатшысы мен халықаралық олимпиаданың этика жөніндегі комитет төрағасы Пан Ги Мун, вице-премьер, Грузияның СІМ Михаил Джанелидзе бар.

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов мәлімдеді.

«Бюджет сомасы – 400 млн теңге. Француа Олланд демеушілердің қаражатына келеді. Құрметті қонақтарды үш топқа бөлуге болады. Бірінші, өз еркімен келетіндер. Екінші топтағылар – спикерер мен қонақтар. Олардың жолақысын, жатар орнының ақысын төлеу керек. Бұл қалыпты жағдай. Үшінші топ – келісім бойынша қаламақысы белгіленетіндер. Мұнда демеушілердің ақшасы жұмсалады. Демеушіер спикерлермен өздері келіседі. Бұл халықаралық тәжірибе», – дейді  Даленов.

Форумға физик, струна теориясы мен ғылымды насихаттаушы Митио Каку, Goldman Sachs-ның бұрынғы басшысы Джим О’Нил, Еуропа және Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің бас экономисі Ганс Тиммер, саясаттанушы әрі визионер Параг Ханна, Эстноияның бұрынғы президенті Тоомас Ильвес, «Алтын арыстан» кинофестивавалінің лауреаты Кшиштоф Занусси келмек.

Тағы оқыңыз: 

Алматы облысының тұрғындары Көлсайдағы тау көшкінін видеоға түсіріп алды

Қарағанды облысында екі жетім баланы кімнің азаптағанын тексеріп жатыр

Шымкентте өлі күйінде табылған мұғалім жайлы жаңа деректер айтылды

Астанада гипноз арқылы жұрттың ақшасын алып кеткен көріпкел іздестірілуде (видео)

Талқылау