Астанада гонконг тұмауы тарады: Санитар дәрігер тұрғындарға кеңес берді
Фото: freepik.com
Астананың бас санитар дәрігер А (H3N2) вирусының штамы (гонконг тұмауы) маусым сайын айналымда жүретін тұмау екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Астана қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігер Айгүл Шағалтаеваның мәліметінше, зертханалық мониторинг барысында ЖРВИ және тұмаумен ауырған пациенттерден алынған 285 үлгі зерттелген. Оның 116-сы А (H3N2) тұмау вирусына оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі эпидемиологиялық маусымның алғашқы 43-аптасында А (H3N2) вирусының 14 жағдайы анықталған. 44-аптада А (H3N2) вирусының 30 жағдайы тіркелді. 45-аптада А (H3N2) вирусының 72 жағдайы және қосымша COVID-19-дың 6 жағдайы тіркелген.
"А (H3N2) тұмау вирусының штамы (гонконг тұмауы, алғаш рет 1968 жылы Гонконгте анықталған) жыл сайын айналымда жүретін маусымдық вирус және жаңа штамм болып саналмайды. H3N2 тудыратын ауру жағдайлары әр эпидмаусымда кездеседі және тұмаудың кәдімгі белгілерімен өтеді", - деді санитар дәрігер.
Тұмау және COVID-19 бойынша теріс нәтиже көрсеткен материалдар қосымша зерттелді, нәтижесінде 101 тұмауға жатпайтын вирус анықталды, бұл барлық оң нәтижелердің 59% құрайды. Анықталған вирустар арасында риновирус 15%, бокавирус 7%, аденовирус 5%, парагрипп 4%, РС-вирус 2%, микст-инфекциялар 25% құрады.
"ДДСҰ болжамы бойынша, қазіргі эпидмаусымда үш штамм - A (H1N1), A (H3N2) және B белсенді болады. Бұл штамдар осы маусымдағы тұмауға қарсы вакцинаның құрамына енгізілген, сондықтан аурудың ауыр түрінен сенімді қорғауды қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, эпидемиялық маусым басталғалы бері Астананың мектептерінде бір сыныптағы ЖРВИ аурушаңдығы 20%-дан аспағаны хабарланды.
Бұған дейін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова алматылықтар қаладағы тұмша салдарынан жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауды ауырырақ көтеруі мүмкін екенін ескертті.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр