Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны жанжалдасқан адамның көзіне қайшы тығып, ағызып жіберді

Астана тұрғыны жанжал кезінде бір көзінен айырылды.

Астана қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Б. және Н.есімді  тұрғындар дауласып қалған. Б. азамат Н.-ға былапыт сөздер айтып намысына тиеді. Екіншісі оны есікке қарай итеріп жібергенде, Б. қолына түскен маникюр қайшысымен оның көзіне тығып алады.Соның салдарынан Н. бір көзінен айырылды.

Алматы аудандық №2 сотының үкімімен Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру»), 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Тағы да оқыңыз:

Семей тұрғыны өз үйінің жертөлесінен екі мәйіт тауып алды

Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты

Павлодар облысында 4 және 5 жастағы екі бала өртте қалып мерт болды

Талқылау