Астаналықтардың смартфонында қосылған ескерту тұрғындардың зәресін алды – министрлік себебін түсіндірді
Бүгін Астанада қала тұрғындары мен қонақтарының смартфондарында Ұлттық ескерту іске қосылды. Дабыл елордалықтардың үрейін ұшырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
Белгілі болғандай, Астананы төтенше жағдайлар кезінде Cell Broadcast технологиясы арқылы жаппай хабарландыру жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі дабылдың тестілеу режимінде жүргізілгенін мәлімдеді.
“Қазіргі уақытта Астана қаласының Cell Broadcast технологиясы бойынша Төтенше жағдайларкезінде жаппай құлақтандыру жүйесіне қосубойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Бұл ескерту тестілеу режимінде жүргізілді”, – делінген хабарламада.
- Қазақстанда Tasqyn су тасқынын болжау жүйесі іске қосылды, бірақ көктемге арналған болжам дайын емес
Ведомство қала халқын уайымдамай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Бұған дейін қазақстандықтарға +870 кодымен басталатын нөмірге қоңырау шалмау керегін айтып, ескерту жасалған еді.
Талқылау