Астаналықтар ауланың жөнделгенін дастархан жайып атап өткен

Фото: t.me/astanovka98
Астанада көпқабатты үйдің тұрғындары аулаға жөндеу жасалғанының құрметіне көшеде үлкен дастархан жайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елорданың Байқоңыр ауданындағы Абай 92/1 мекенжайындағы "Эгалит" тұрғын үй кешенінің тұрғындары жаңа ауланың абаттандырылуын атап өтті. Көршілер дастархан жайып, қарияларды шақырып, концерт қойды.

Фото: t.me/astanovka98
Аулаға жаңа асфальт төселген, балалар және спорт алаңдарының брусчаткалары мен жабындары ауыстырылды. Сондай-ақ тренажерлар, безендірілген бақтар пайда болды.