Астаналық оқушы зағип жандарға арналған "ақылды" көзілдірік ойлап тапты
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен
Астанадағы Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қуандық Әмірхан көзі нашар көретін және зағип жандарға қала ішінде қауіпсіз қозғалуға көмектесетін "ақылды" көзілдірік ойлап тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жас өнертапқыштың бұл жобасы зағип жандардың өмірін жеңіл әрі қауіпсіз етуге бағытталған. Қуандық Әмірхан жасаған көзілдірік кедергілерді анықтайтын арнайы жүйемен жабдықталған: адам бір метрге жақындағанда, құрылғы қазақ тілінде дауыстап ескерту жасайды "Сақ болыңыз, алда кедергі!" дейді.
Мектеп оқушысының айтуынша, мұндай көзілдірікті ойлап табуға көз көруі шектеулі адамдарға көмектесіп, олардың өз бетімен еркін жүруіне сенімділік беру ниеті себеп болған.
Алдағы уақытта Қуандық құрылғыны одан әрі жетілдіріп, жаңа мүмкіндіктер қосуды жоспарлап отыр.
-
Жапон ғалымдары теңіз суында еріп кететін пластик жасап шығарды
-
Робот-хирург алғаш рет адам көмегінсіз күрделі отаны сәтті жасады
Жас астаналықтың бұл жобасы – тек технологиялық жетістік емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі. Көзілдірік қазірдің өзінде қоғам назарын аударып үлгерді және көру қабілеті бұзылған жандар үшін пайдалы құралға айналуы мүмкін.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
