Астаналық келіншек массаж жасаймын деп уәде беріп, адамдардың ақшасын жымқырған
Астана тұрғындары алаяқ массажистке алданып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыз әлеуметтік желі арқылы қызметтерін жарнамалап, келушілерді еліктірген. Үнемі келетін клиенттерге ждеңілдіктер қарастырылатынын айтқан. Алайда қыз процедура үшін төлемді алдын ала алып, уәде еткен процедураларды жасамаған.
29 жастағы атыраулық азамат та массажистің алдауына сеніп қалған. Ол емдік массаж жасатамын деп шотқа 45 мың теңге аударған.
Алданғандар полицияға жүгінді. ҚР ІІМ ақпараттық порталының хабарлауынша, күдікті Астанада ұсталды. Оның жасы 35-те. Оның тағы үш қылмысқа қатысы бар екені айтылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"