Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың ішінде астаналық нотариус Гауһар Шаймерденова болған

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың ішінде астаналық Гауһар Шаймерденова болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Тележүргізуші Санди Сұлтан Гауһар Шаймерденованың ұшақта болғанын хабарлады. Журналист олардың дос екенін және ол 11 жасар ұлы Эльдармен бірге Бакуден ұшқанын айтады.

“Сенгім келмейді, тірі қалды деп ойлаймын. Алла сақтасын! Гауһар екеуіміздің өте көп жоспарымыз бар еді. Кішкентай Эльдар анасының жанында болған”, – деп жазды Санди Сұлтан.



Баланың да есімі жолаушылар тізімінде бар. Балалардың құқығын қорғау комитеті ұшақта қазақстандық балалар болмағанын мәлімдеген еді. Гауһардың ұлы басқа елдің азаматтығын алған болуы мүмкін.

Астаналық Гауһар Шаймерденова нотариус болып қызмет атқарған.

Еске салсақ, Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлағаны туралы жазған едік. Желіде ұшақтың ішінде апатқа дейін және кейін түсірілген видеолар пайда болды. 

Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ұшақтағы қазақстандықтардың барлығы көз жұмды.

Талқылау