Астанаға Лукашенко мен Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу келді
Астанаға Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лукашенко мен Шойгу 28 қарашада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. Қатысушы елдер делегациясы аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттар қабылданады.
"Орешник" пен ATACMS: Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ сессиясында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
Еске салайық, 27 қарашада Астанаға Ресей президенті Владимир Путин келген еді. Путинді әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Ақорда мәліметіне сәйкес мәртебелі қонақты күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті және Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды.