Астанадағы ИЫҰ саммитінде Мьянмадағы мұсылмандар ахуалы талқыланады
Мьянмадағы ахуал Астанада жексенбі күні басталатын Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінің басты талқыланатын тақырыптарының бір болмақ, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Елордамызда 10-11 қыркүйек күндері Ислам ұлттық ұйымының ғылым және технология бойынша алғашқы саммитті өтеді.
Айта кетелік, Әбдірахманов түрік СІМ басшысымен кездесу өткізген.
“Түркия сыртқы істер министрімен Мьянмадағы мұсылман халқының ахуалына қатысты мәселелерге мән бердік. Ол қазір ғана Мьянмадан қашқан мұсылман босқындарымен кездесіп қайтып, алған әсерімен бөлісті”, — деп хабарлады Әбдірахманов сенбі күні тілшілерге.
Әбдірахмановтың сөзіне сүйенсек, түрік тарабы алдағы ИЫҰ кездесуінде “Мьянманың мұсылман халқы мәселесін талқылауды көздейді”.
Жіберіп алмаңыз:
Назарбаев Ердоғанға: Екеумізге жұмыс көп
Реджеп Тайып Ердоған: Қазақстанда өз үйімдегідей сезінемін
Алматыда әділдік іздеген әйелді өзін өртеп өлуге мәжбүрлеген судья кінәсін мойындамай отыр