Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бес баланың өлімі: Төтенше жағдайлар комитетінің орынбасары қызметінен кетті

Үкімет басшысы төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Барат Тұзақбаевты қызметтен босатты.

Бұл шешім Астанадағы өрт кезінде бес баланың өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін орын алды, деп жазады Sputnik.

«Өрт қауіпсіздігінің алдын-алу және өрт қауіпсіздігі бойынша дұрыс жұмыс жасағаны үшін ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге сөгісі жариялансын, төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің төрағасының орынбасары қызметінен босатылсын», – деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Төтенше комитет төрағасы Владимир Беккерге қатаң сөгіс жарияланды. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаевқа да қатаң сөгіс жасады.

Министрлер кабинетінің басшысы Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрлігіне және барлық әкімдерге жылу беру маусымының аяғына дейін өрт қауіпсіздігі мәселесін бақылауды тапсырды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың көп балалары бар үйлерге ерекше назар аудару қажет екенін еске салды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау