Астанадағы өрт: Тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес берілді
Астана қаласының әкімдігі тұрғындарға құрғақ шөптің өртенуіне байланысты далаға шықпауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құрғақ шөптің өртенуі 19 маусымда Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласының айналма жолында басталған.
“Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Ресми деректерге сәйкес қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіріп жатыр. Жалынмен күресу үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.
Еске салайық, бұған дейін Астана маңында өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"