Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы мектепте 7-сынып оқушысы қатарласын соққыға жыққан (видео)

Астанадағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Оқиға Астанадағы №106 мектептің жетінші сынып оқушылары арасында, мектептің дәретханасында болған. Желіде тараған видеодан жасөспірімнің қатарласымен алдымен сөйлесіп, сосын басынан бірнеше рет ұрып, тепкілегенін көруге болады. Ал қалған оқушылар оларды ажыратудың орнынан видеоға түсірген.

Астана қалалық полиция департаменті төбелесті бастаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылатынын мәлімдеді. 


"Басына секіріп, бірнеше рет пышақ сұққан": Ақтөбеде студенттер оқушыларды соққыға жықты


"Аталмыш дерек полицияға тіркелді. Баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін оқушының ата-анасы жауапқа тартылады. Материалдар сотқа және қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданды", – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте колледж директорының орынбасары студенттерді соққыға жықты деп айыпталған еді. 

Талқылау