Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы LRT желісінің алғашқы станциясы көрсетілді

Астанадағы LRT желісінің алғашқы станциясының құрылысы аяқталып, станция көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпрат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

101-ші станцияның видеосы жарияланды. 

Қабанбай батыр даңғылы бойында, халықаралық әуежай маңында орналасқан бұл станция ішінде эскалаторлар мен интерактивті экрандар орнатылған. Экрандарда елорданың көріністері көрсетіледі. Сондай-ақ жолаушыларға арналған лифтілер де бар. 

Компанияның мәліметінше, 101-ші станцияның қасбеттік жұмыстары толық аяқталған. 


Қытайда Астанадағы LRT-ның вагондарын құрастырып жатыр: Олар қандай болады


Жалпы, LRT желісі 18 станциядан тұрады. Оның 11-і жер үстінде, ал 7-уі эстакадалық деңгейде орналасады.  

2025 жылы барлық станцияның құрылысы толық аяқталады деп жоспарланған. Бұл жұмыстарға қасбеттерді монтаждау, эстакадалық өткелдерді салу, ішкі әрлеу және айналадағы аумақты абаттандыру кіреді.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада LRT 2025 жылдың күзінде қосылатынын жазғанбыз.

Талқылау