Астанадағы лифттегі шабуыл: 5 жасар баланың отадан кейінгі жағдайы белгілі болды
Астанада лифттегі пышақ шабуылы кезінде пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Бес жасар бала елордадағы №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Шабуылдың нәтижесінде баланың бетінің жұмсақ тіндерінде жарақаттар пайда болған.
"Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Ол барлық қажетті ем-домды толық көлемде алып жатыр", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Балаға ота жасалған, хирургтар қан кетуді тоқтату үшін тамырларыды байлаған. Операциядан кейін баланың жағдайы тұрақты.
"№2 қалалық көп бейінді балалар ауруханасы" МКҚК жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Ғұсейіновтің айтуынша, баланың денесінде төрт пышақ жарақаты болған.
"Бала ауыр жағдайда түсті, жарақаттардың ең тереңі сол жақтағы құлақ аймағына жақын жерде. Өміріне қауіп төнген, себебі бала көп қан жоғалтқан. Отадан кейін оның жағдайы тұрақты, бірақ толық емделіп шығу үшін уақыт қажет", – деп түсіндірді дәрігер.
Жәбірленушіге барлық қажетті медициналық көмек және мамандардың кеңестері толық көлемде көрсетіледі. Қазіргі уақытта баланың өміріне қауіп жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған.