Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы құрылыс алаңында кран құлап бір адам мерт болды

кран құлады

Астана қаласындағы "Абырой" тұрғын үй кешені аумағында қатты жел салдарынан кран құлап, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ақпаратқа сәйкес 18 шілде сағат 20:07 шамасында желдің кенеттен қатты соғуы салдарынан құрылыс алаңында мұнаралық кран аударылып, бір жұмысшы тіл тартпай кеткен.

Осы оқиғаға қатысты BI Group құрылыс компаниясы түсініктеме беріп, кран техникалық жағынан дұрыс күйде болғанын мәлімдеді.

“Кран техникалық жағынан дұрыс күйде болды және барлық техника сияқты жұмыс басталғанға дейін міндетті тексеруден өтті. Оқиға болған кезде кран операторы жұмысты аяқтап, жұмыс күні аяқталуға жақын болды. Өкінішке қарай, кранның құлауы салдарынан бір адам қаза болды. Төтенше жағдай қызметтерінің дауыл туралы ескертуі оқиға болғаннан кейін ғана келді. Біз қаза болған адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, — делінген компания таратқан хабарламада.

Сонымен қатар компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

Назархан Уән
Сенбі, 19 Шілде, 2025 10:15
Талқылау