Астанадағы ойын алаңында ер адам інісіне араша түскен жасөспірімді қан жоса қылып ұрып тастаған (видео)
Видеодан скрин
Астанадағы балалар ойын алаңдарының бірінде ер адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 19 маусым күні сағат 20:30 шамасында ZUZU балалар алаңында болған.
Бейнебақылау камерасынан алынған видеоға сәйкес, дау екі бүлдіршіннің арасындағы келіспеушіліктен басталған. Осы кезде кикілжіңге балалардың бірінің 18 жастағы ағасы араласып, екінші баланы сәл ығыстырып, төбелесуге болмайтынын ескерткен.
Кейіннен алаңға екінші баланың анасы келеді. Әйел балаларға орынсыз сөздер айтып айқайлай бастаған. Біршама уақыттан соң футбол алаңына, екінші баланың әкесі де келеді. Ер адам бүлдіршіндерді ажыратқан жігіттің мойнынан ұстап алып, қақпа жаққа қарай сүйреп апарып, беті мен басына бірнеше рет соққы жасайды. Ер адам соққы жасау кезінде кастет қолданған болуы мүмкін деген де болжам бар.
Соққылардан кейін зардап шеккен бала жерге отырып, тыныс алуы қиындай бастайды. Ер адам қолы мен аяғымен баланың кеуде қуысына соққы жасауды жалғастыра берген. Алайда бұл көріністер камераға түспеген.
Жәбірленуші баланың анасының айтуынша, полиция денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Төбелес болған ойын алаңының басшылығы да келушілер арасында төбелес болғанын растап, қажетті бейнежазбалардың барлығы тиісті органдарға берілгенін атап өтті.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
