Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы Abu-Dabi Plaza қашан толығымен қолданысқа беріледі – Астана әкімі жауап берді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Abu-Dabi Plaza кешеніндегі құрылыс қашан аяқталатынын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

абу даби плаза

Фото: Астана инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы

Жеңіс Қасымбек нысандағы 6 мұнараның 5-еуінде жұмыс толығымен аяқталғанын жеткізді. 

“Сыртқы жұмыстар аяқталды, басқа кешендер жұмыс істеп тұр. Ең жоғарғы мұнарада сыртқы жұмыстар аяқталды, қалаға ешқандай кедергі келтіріп жатқан жоқ. Қазір ішкі жөндеу жүріп жатыр. Abu-Dabi Plaza-ның 70%-ы жұмыс істеп тұр. Өздерінің жоспары бойынша, 2025 жылы жөндеуді аяқтайды”, – деді Жеңіс Қасымбек. 

Abu-Dabi Plaza кешенінің құрылысы 2010 жылы басталған еді. Алайда сол желтоқсанда құрылыс тұралап, тек 2011 жылы қайта жалғасты. Ал 2019 жылы екі қабатты сауда орны жұмысын бастады. 2020 жылы Sheraton қонақүйі жұмысын бастаған. Ал 75 қабатты негізгі мұнара әлі қолданысқа берілмеген. 

Еске салайық, бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысы 2026 жылы аяқталатынын мәлімдеген еді. Ал алғашқы пойыз құрамы 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында әкелінеді деп жоспарланып отыр. 

Талқылау