Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жыныстық қатынаспен ВИЧ жұқтырғандардың 12 пайызы көгілдірлер мен қызтекелер

Биыл 9 айда Астанада 150 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Бұл статистика өткен жылға қарағанда төмендегенімен, бәрібір проблеманың бар екені анық байқалады. Ең сорақысы сол – дертке шалдыққандардың 12 пайызын гомосексуалдар, яғни қызтекелер құрап отыр.

Астанада жыныстық қатынаспен ВИЧ жұқтырғандардың 12 пайызы көгілдірлер мен қызтекелер

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ғасыр дерті атанған аты жаман ауру енді еркектен еркекке жұғуда. Статистикаға жүгінсек, биыл бір ғана Елорданың өзінде 200 мыңнан астам тұрғын тексерістен өткен. Нәтижесінде 150 адамның осы жұқпалы ауруға шалдыққаны анықталыпты. Ең сорақысы,
еркектердің бір бірімен төсек қатынасына түсуі арқылы осы дертті жұқтырған фактілер тіркеліп отыр.

«Гомосексуалдық жыныстық қатынас өзінің АИТБ-ға қарағанда қаупі жоғары. Негізі Астана қаласында мүмкін, иә гомосексуалистердің саны артып келе жатқан шығар. Біздің ойымызша, Астананың үлкен қалалардың санына жатуы себеп деп ойлаймыз. Біздің қалада ғана емес, сондай бағыт Алматы қаласы, Қарағанды облысында да бар» – дейді «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес» орталығы бас дәрігерінің орынбасары Салтанат Мусина.

«Көгілдірлер», «қызтекелер» дегенді біздің қоғам бұрын көрмек түгілі естімеген де болатын. Ал сол гомосексуалдар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында психологиялық дерттің бір түріне шалдыққандар деп есептеліп келді. Бірақ, кейінгі кезде қысым әсер етті не кім білсін, әйтеуір өзгерістер енгізіліпті.

“Біраз уақытқа дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ауру ретінде тіркеліп келді де, соңғы 15 жылдың ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ауру ретіндегі тізімінен шығып қалды. Сондықтан қазір бүкіл әлемде гомосексуализм кеңінен насихатталуда” – дейді психология ғылымдарының докторы Балабек Сақтағанов.

Психолог Балабек Сақтағановтың пікірінше,  гомосексуалдар ғайыптан пайда болмайды. Балаға ересектер тарапынан зорлық жасалса, тіпті ұл баланы әке-шешесі тым қатты ерекелетсе де, ол теріс таңдауы жасауы әбден мүмкін. Сондай-ақ, толық емес отбасында өскен бозбалалар да психологиялық ауытқушылыққа ұшырауы бек мүмкін. Бұған қоса, күн сайынғы насихаттың да белең алуы бұған әсер ететін көрінеді.

«Көптеген түнгі клубтар гомосексуалистерге арналған, демалыс орындар, әлеуметтік желідегі кең насихаттану, видеолар. Мұның барлығы адамдарға қалыпты болып келе жатыр. Бұлар негізінен әдейі жасалып жатыр адамдардың көзі үйренсін, құлағы үйренсін деп. Ауытқушылығы бар адамдар осындайларды көру арқылы бұл қалыпты нәрсе екен ғой, жалғыз мен ғана емес екенмін ғой деп гомосексуализмге қарсы көзқарасын  жоғарылатып, қызығушылығын арттырып отыр» – дейді психология ғылымдарының докторы Балабек Сақтағанов.

Гомосексуализмді қолдап, насихаттауды құп көретіндер демократияны алға тартып, ыңғайы келсе «бізді қоғам қабылдамайды, қуғындайды» дегенді айтып қалып жүр. «Бірақ, бір нәрсені түсінуіміз керек» – дейді журналист, қоғам белсендісі Бейбіт Тоқтарбай. Жері кең, халқы аз мемлекетімізде әркім ойына келгенін істеп, оны еркіндікке баласа қазақы қалпымызға, дәстүр мен салтымызға сызат түсуі мүмкін.

«Жаһандық процеске ілесіп кеттік те, сол кезде ол жерден жаһандық процестен бізге қажеті жоқ дүниелерді алып жатырмыз. Оған міндетті түрде сұрыптау, сүзгі болу керек еді. Сол сүзгіні біз ұмытып кеткен сияқтымыз. Соны енді міндетті түрде қалпына келтіріп, өзіміздің ұлттық тәрбиемізге оралуымыз керек» – дейді журналист Бейбіт Тоқтарбай.

Екі еркектің қос ұстасып, жұптасуын елімізде рұқсат етілген бірде бір дін қолдамайды.  «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбайдың айтуынша, мұндай азғындалуға Ислам діні қатаң тыйым салады.

«Пайғамбарымыз бір хадисінде айтады. «Менің ең қатты қорқатын нәрсем  сендерге болып қалуынан қорқатын нәрсе, ол – еркектің еркекке жақындасуы». Және тағы бір хадисте айтады, «қайсыбір ер кісі мен ер кісі жақындасатын болса, ол адамдар Алланың қаһарымен таң атырып, Алланың қаһарымен кеш батыратын болады» дейді. Мұндай адамдарға Алланың үлкен қаһары болады. Ал, Пайғамбарымыз ондай адамдарды 3 рет қарғаған» – дейді «Нұр Астана мешітінің наиб имамы» Әділхан Серікбай.

ВИЧ, СПИД сынды аурулар адамзатқа ортақ проблема. Аталған дертпен күрес пен оны тудыратын теріс жолдар қатар насихатталып жатыр. Осы ретте, ақпараттық қауіпсіздік деген мәселе қайтып есімізге оралады. Қандай да бір ұғымның тонын теріс айналдырып, қайталап айта беретін болса ол ертелі-кеш қалыпты дүниеге айналады. Ал оны болдырмас үшін уақыт барда ненің оң, ненің теріс екенін сұрықтап алу қажет болып тұр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау