Астанада жолаушы жүргізушінің құлағы нашар еститінін пайдаланып, жол ақысын төлемей қашып кеткен
Фото: Видеодан скрин
Астанада жолаушы құлағы нашар еститін такси жүргізушісін алдап, жол ақысын төлемей түсіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағдайды желі қолданушысы Threads парақшасында хабарлады. Айтуынша, құлағы нашар еститін такси жүргізушісі жолаушыны Көкшетаудан Астанаға дейін жеткізген. Ол төлемді күтіп отырған сәтте, жолаушы көліктен түсіп, қашып кеткен.
“Видеодағы ер адам Көкшетау-Астана бағытына такси шақырып, жүргізушінің естімейтінін пайдаланып, ақшасын төлемей қашып кеткен. Кадрда жүргізуші жолаушының жауабын күтіп отырған. Себебі ол әпкесі ақша жіберетінін айтқан. Жүргізуші әкемнің танысы. Адамдардың естімейтін, сөйлей алмайтын жүргізушілерді пайдаланып кететіні ауыр тиеді”, – деп жазды ол.
Фото: Threads tazajina_cleaning
Алматыда құлағы нашар еститін таксисті мазақ қылған блогер полицияға жеткізілді
Жүргізушінің танысының сөзінше, жолаушы оған 6 мың теңге төлеуі керек болған.
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінен мән-жайды сұрады. Олар тергеу жүргізіп жатқанын айтты.
“Қазір оқиғаның мән-жайын және жүргізуші мен жолаушының жеке басын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатырмыз. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылдаймыз”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін мылқау такси жүргізушісін балағаттаған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамалғанын жазған едік. Әлеуметтік желіде екі жолаушы мінген таксидің видеосы тарады. Көліктің алдыңғы орындығында отырған жолаушы жүргізушіні балағаттап, оған тіл тигізе бастайды. Кейін такси жүргізушісінің саңырау әрі мылқау екені белгілі болды. Жолаушы қамауға алынып, оған қатысты істі Астана қаласының мамандандырылған соты қарады. 38 жастағы ер адамның бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
"Қолымда бір сөмке мен жүз доллар ғана болды": Қазақстандық жігіт ата-анасын ауылдан АҚШ-қа көшіріп алған