Алматы мен Астанада жылыту маусымы қашан аяқталады
Шымкентте жылыту маусымы 7 сәуірде аяқталды. Алматы мен Астана әкімдігі жылудың қашан өшірілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
Әкімдіктегілердің айтуынша, жылудың қашан өшірілетіні ауа райына байланысты.
“Сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы қатарынан бес күн бойы +10 градус және одан жоғары болған жағдайда Астана қаласының жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды”, – деп мәлім етті елорда әкімдігі.
Ал Алматыда ауа райы қатарынан бес күн бойы +8 градустан жоғары болса ғана гидрометеорологиялық қызмет тіркеген деректер негізінде жылу өшіріледі.
“Қаладағы жылыту маусымын дайындау және өткізу ережелеріне сәйкес, жылыту маусымының аяқталған күні жарияланғаннан кейін, объектілерді кезең-кезеңімен өшіру басталады”, – деді Алматы әкімдігі.
Жылу мына нысандарда келесі ретпен өшіріледі:
-
Әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
-
Тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
-
Балалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер.
Десе де әкімдік жылыту маусымының нақты қай күні аяқталатынын айтпады.