Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын жарақаттаған (видео)

qyz

Фото: Видеодан скрин

Қайғылы оқиға 22 маусым күні кешкі сағат 20:30 шамасында “Millennium Park” тұрғын үй кешенінде болған. Пәтерден пышақталған қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қызға бұрынғы жігіті шабуыл жасаған.

Оқиға болар алдында көршілер пәтерден айқай-шу естіген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өткен-кеткен адамдарға пышақпен шабуылдаған және марқұмның кішкентай інісін жаралаған. Жасөспірім жараланған күйі балалар алаңқайынан табылып, ауруханаға жеткізілді.

Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Пәтерлерден пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан зорлық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Сонымен қатар оның кәмелетке толмаған інісі пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомство.


Астанада ер адам бірге тұрған әйелді баласының көзінше пышақтап өлтіріп, артынша 25-қабаттан секіріп тірі қалды


Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген қызын азаптап өлтіріп, мәйітін қорлаған


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 10:28
Талқылау