Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарсы шатырда би биледі
Фото: Видеодан скрин
Астанада жартылай жалаңаш бойжеткен Министрліктер үйінің дәл қарсысындағы түнгі клуб шатырында би биледі. Түнгі клуб террасасындағы “Go-go” биін билеген қыздың әрекеті елорда тұрғындарының арасында қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандықтар биліктен шомылуға арналған киім киген бишіге шара қолдануды талап етті.
Жартылай жалаңаш қыздың биі әлеуметтік желілерде жылдам тарап кетті. Кейбір азаматтар қыздың қаланың қақ ортасында билегені орынсыз деп санады. Енді бірі бұл жағдайға байланысты әкімдік пен полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Алайда олар ел алдында ашықтан-ашық билегені үшін емес, тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылған.
“Тыныштықты бұзғаны үшін мекеме әкімшілігіне 25 АЕК (98 300 теңге) көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мекеме атына құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұйғарым жолданды. Биші қыздың жауапкершілігі заңнама талаптарына сәйкес қаралады”, – деп мәлімдеді Астана қаласы полиция департаменті.

Қазақстандық студенттер оқу ақысының негізсіз қымбаттағанына наразы: ЖОО-лар келесі оқу жылына бағаны қаншаға өсірді
