Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада заңсыз миссионерлікпен айналысып келген шетелдік азамат ұсталды

Елордалық полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық шарасын жүргізу барысында тіркелмеген намазханаларды тауып, Астанада заңсыз миссионерлікпен айналысып жүрген шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

8543952

“Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық шарасын жүргізу барысында Астана қаласы ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша басқармасының қызметкерлері төрт тіркелмеген намазхананы тауып, экстремистік мазмұндағы және жаппай емшілік сеансы туралы материалдарды сақтау дерегін анықтады.

Аталған деректер бойынша, тексеру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, профилактикалық шараларды жүргізу барысында елорда аумағында заңсыз миссионерлікпен айналысқан шетелдік азамат ұсталды. Оны Қазақстан Республикасынан депортациялау туралы мәселе сот жүзінде қаралып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

87 жастағы әжей немерелерінің қарсылығына қарамай парапланмен ұшты (видео)

Қытайлар қазақтың киіз үйінің қыр-сырын меңгеруге құмартып жүр

Қызылордада “Қайсар” футбол клубының капитаны көршісін аяусыз ұрған

Талқылау