Астана әкімдігі үйірмелер мен спорт секцияларына орын бөлген кезде заңбұзушылықтарға жол берген
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ және "Астана қаласының мәдениет басқармасы" ММ қатысты тергеуді аяқтады. Елордада шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына арналған орынды бөлу кезінде бәсекелестік заңнамасы бұзылған болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
“Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды №120 және №122 орналастыру қағидаларына сәйкес, мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру алгоритмі алдымен қызмет көрсетушілерді іріктеуді, содан кейін орындарды шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына бөлуді міндеттейді. Алайда 2023 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармалары алдын ала іріктеусіз, бұрын іріктелген қызмет көрсетушілерге тегін үйірмелер мен секцияларға бару үшін кезек ашқан”, – делінген хабарламада.
Осылайша Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармалары жоғарыда аталған іс-қимылдармен мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру тәртібін сақтамаған кәсіпкерлерді мемлекеттік тапсырыстарға қол жеткізуін шектеді.
Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен "Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ және "Астана қаласының мәдениет басқармасы" ММ Департамент атына түсірілген әкімшілік талаптары қанағаттандырылмады.