Астанада тұрғын үй қасбетінің құлауы: Полиция қосымша қылмыстық іс қозғады

Фото: 7-арнаның сюжет кадларынан скрин
Ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділов Астанада қасбет құлаған тұрғын үйдің құрылысымен байланысты құжаттар полиция тарапынан тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға қылмыстық кодекстің 306-бабы ("Сапасыз қызмет көрсету, ауыр дене жарақатына әкелген") бойынша тергелуде. Қосымша іс оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін қозғалған. Бұған дейін Астана полициясы 278-бап ("Сапасыз құрылыс") бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.
Әділовтың айтуынша, әкімдікпен бірге арнайы комиссия құрылып, кешенді сот-медициналық және құрылыс сараптамасы тағайындалған. Тергеу қорытындысы бойынша, бірнеше рет сапасыз сыртқы жұмыстар жасаған құрылыс компаниясына заңды баға берілетін болады. Себебі олардың әрекеті қала тұрғындарына ауыр жарақаттар әкелген. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірақ нақты адамдар күдікті деп танылған жоқ.
Еске салсақ, Астанада ғимараттың сыртқы қабырғасы құлап, адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем фельдшері ауыр жарақаталғаны туралы хабарлаған едік.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі