"Біздің заманның батыры": Денсаулық сақтау министрлігі Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған кезде жарақат алған фельдшер туралы пікір білдірді

Фото: Әділет Зейнелдің жеке архивінен
Денсаулық сақтау министрлігі Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған кезде адамдарды құтқаруға тырысқан жедел жәрдем фельдшер туралы пікір білдірді. Ол қызметкерді "біздің заманның батыры" деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министр Тимур Мұратовтың айтуынша, нәзік қыз адамдардың көмекке мұқтаж екенін көріп, еш ойланбастан құтқаруға ұмтылған.
“Бұл – қазіргі медицина қызметкерлеріне тән қасиет. Ол қолдан келгеннің бәрін жасады және ең дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін”, – деді Мұратов.
Қазір фельдшер ауыр бас сүйек жарақатынан кейін ем алып жатыр. Оның көз және мұрын сүйектері, сондай-ақ басының артқы бөлігі сынған. Екінші медициналық қызметкер де жарақат алып, нейрохирургия бөлімінде емделуде.
Еске салсақ, Астанада ғимараттың сыртқы қабырғасы құлап, адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем фельдшері ауыр жарақат алғаны туралы хабарлаған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады